13.11.2014
«Мемлекет басшысының «Нұрлы жол» Қазақстан халқына Жолдауы «Нұр Отан» партиясының Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында жария етілді. Ол Ұлт көшбасшысы үшін экономика тек тәсіл, құрал ал, түпкі мақсат өзіндік мәдениеті, ішкі жандүниесі, рухани танымы бар адамзат баласы екенін тағы бір дәлелдей түсті», - деп атап өтті А.Башмаков.
Оның пайымынша, Мемлекет басшысының халқына Жолдауының негізі болған «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясат инфрақұрылымдардың тұрлі саласын дамыту арқылы экономиканың тұрақтандыруға арналған, нәтижесінде ол ел азаматтарына қамқор болады. Сонымен, Жолдауда табысты жүргізілген экономикалық реформалардың арқасында бір ғана жол құрылысы барысында 200 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады деп көрсетілген.
«Қазақстан халықтарының этникалық және діни сан алуандылығы ынтымағы жарасқан тарихи тағдыры бір болған - «Мәңгілік ел» шындығы. Бұл біздің басты артықшылығымыз, сондықтанда біз келісім мен бейбітшілікті қастерлеуіміз керек. Біздің міндетіміз - өзінің тарихын құрметтейтін, туған жерін Отанын сүйетін жоғары рухани бай тұлғаны тәрбиелеу. Біз жағдайдың тез өзгеретін әлемде тұрып жатқан жастарымызға ауызбіршіліктің маңыздылығын түсіндіруіміз керек», - деді ҚХА төрағасының орынбасары.
Оның айтуынша, патриотизм отбасынан, ертеңгі күнге деген сенімділіктен, туыстарымыздың денсаулығынан, мемлекеттің әлеуметтік қолдауы мен тұрақтылықтан басталады. Мемлекет жас отбасыларға және өскелең ұрпаққа үлкен қарқорлық көрсетуде. Олардың тұрғын үй алуына, мансап қуалауына және білім алуына барынша жағдай жасалған. Жолдауда аталып өткендей, жергілікті тұрғындарға бастапқы жарнасыз ипотекадан пайыздық үстемақысы төмен болашақта сатып алу құқығымен жалға берілетін баспаналар беріледі. Президент жастарды еліміздің экономикасын одан ары дамытып, нығайтуға белсенді араласуға шақырады.
«Қазақстанның бірлігі жарасқан халқы - ол үлкен күш. Біз уақыт мен жаһандану кезінде бірігіп, бір тарихи тағдырмен жүріп өтуіміз керек», - деп түйді Анатолий Башмаков.