13.11.2014
«Елбасымыздың жалдамалы тұрғын-үй салудың жаңа жолдарын ойластырып, несиеге үй алуда тың жолды таңдауы, жалпы халықтың материалдық жағдайының ыңғайына қарай берілуі, үйлердің халыққа делдалсыз тікелей таратылуы, оның бағасының және пайыздық мөлшерлемесінің төмендеуіне алып келуі біз секілді жас отбасыларды қатты қуантты. Елбасымыз өз Жолдауында атап өткендей, тұрғын-үй алуда алғашқы жарнаның жоқтығы және ипотека үшін төменгі пайыздық мөлшерлеме, әлеуметтік жағынан әлсіз жас отбасыларға жасалған жасылық деп қабылдаймыз. Сондықтан әлеуметтік жалдамалы тұрғын-үйді салуға қаржыны 2015-2016 жылдарға қосымша 180 миллиард теңгеге дейін арттырудың жоспарлануы жас отбасылардың үмітін арттырып, халықты қуантуда», - деді ол.
Оның айтуынша, Елбасымыздың әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға көңіл бөлуі де қуантады. Әсіресе, бұл авариялық мектептердің және үшаусымдық оқыту мәселелерін шешуге байланысты.
«Алайда, үшжылдық бюджетте қарастырылған қаржы бұл мәселені 2017 жылға дейін шеше алмайтындықтан, Елбасымыздың Үкіметке қосымша 70 миллиард теңге бөлуді тапсыруы, еліміздегі бірқатар білім беру ордаларының шешілмей келе жатқан мәселелерін шешуде үлкен көмек болар еді. Бұл мәселенің шешілуі, алыс елді мекендерде ұстаздық жолында жүрген біз секілді жас мамандардың жұмыс жағдайының жақсаруына алып келетіндігіне сенімдіміз. Сонымен қатар, бала бақша жетіспеушілігін шешу мақсатында алдағы 3 жылда қосымша 20 миллиард теңге бөлінуі еліміздегі бүлдіршіндердің қамтылуын толықтай қамтамасыз етуге септігін тигізеді», - деді С.Архат.
Ұстаз атап өткендей, мектепке дейінгі білім және тәрбиемен қамту бойынша ауданымызда қазір 18 бала бақша, 78 шағын орталық жұмыс істеп отыр. Онда аудандағы мектеп жасына дейінгі тіркелген 3552 баланың 95,4 пайызы немесе 3390 бала қамтылған.
«Мектепке дейінгі білім және тәрбиемен қамтылған балалардың өсу қарқыны былтырғы жылдың есепті мерзімімен салыстырғанда 115,6 % құрады. Бұл көрсеткіштер Елбасымыздың аудан әкімдерінің алдына қойып отырған мақсаттарының мерзімінде 100 пайыз орындалуына алып келетіндігіне сеніміз мол», - деді ол.