• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Елбасының сындарлы саясаты арқасында шағын және орта бизнестің дамуы ілгеріледі-кәсіпкер 12.11.2014

«Елбасының Қазақстан халқына арнаған жаңа Жолдауы нұрлы болашаққа бағыт бағдар беріп, экономиканы дамытудың маңыздылығын айқындайды. «Нұрлы жол» деп аталатын 2015 жылға арналған Жолдауда әлемдік нарықтағы шикізат өнімдері бағасының төмендеуі нәтижесінде болатын дағдарысқа дайын болу керектігі кеңінен түсіндірілді», - деді Ж.Абызбаева.

Ол атап өткендей, Ұлттық қордан бөлінген  қаражат экономиканың дағдарысқа қарамастан ары қарай дамуына ықпал етеді.

«Елбасы орта және шағын бизнесті дамытудың қажеттілігін ешқашан назардан тыс қалдырған емес. Керісінше үнемі кәсіпкерлерге қолдау көрсетіп, өз бизнесін дамытуына мол мүмкіндіктер жасауда. «Нұрлы жол» атты Жолдауында да орта және шағын бизнесті дамытуды жалғастыру қажеттілігін атап айтты», - деді ол.

Оның айтуынша, Елбасының сындарлы саясаты арқасында шағын және орта бизнестің дамуы ілгеріледі. Шағын және орта бизнесті дамыту үшін 10 жылға 6 пайызбен несие беру бұрын соңды болмаған. Елбасының осындай қолдауы мен сияқты өз кәсібін және жаңа жұмыс орындарын ашушыларға, кәсіпкерлікті дамытуға оң серпіліс берді.

 


Back to the list