12.11.2014
«Өздеріңіз де білесіздер, Елбасы «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасына ерекше көңіл бөледі. Біріншіден, осы саладағы саясат өзгеріп, Мемлекет басшысы бұдан былай қазақстандықтарға кепілдіксіз және алғашқы жарнасыз үй алу мүмкіндігі берілетінін нақты айтып көрсетті. Ал ондаған мың долларды алғашқы жарна ретінде төлеуге екінің бірінің мүмкіндігі келе бермейді. Мемлекет басшысының айтуынша, енді пайыздық мөлшерлемелер де 10-20 пайыз емес, анағұрлым төмен болмақ», - дейді.
Сонымен қатар, «Нұр Отан» парламенттік фракциясы мүшесінің айтуынша, қазіргі таңда тұрғын үй кезегінде 301 мың адам тұр екен, ал мұқтаждар саны одан да көп.
«93 мың шаршы метр тұрғын үй берілді. Алайда бұл барлық мұқтаждарды қанағаттандырмайды. Осы мақсатта бөлінетін 180 млрд теңге халықтың шын мұқтаж тобы мен жастардың денін баспанамен қамтамасыз етуге жол ашады», - дейді.
Сонымен қатар, фракцияның тағы бір мүшесі Николай Логутовтың айтуынша, бұл сома көпшілікті үймен қамтамасыз етуге жетеді.
«2015 жылы тұрғын үй құрылысына 37 млрд теңге бөлу жоспарланған. 2016 жылы бұл көрсеткіш 40 млрд теңгені құраса, 2017 жылы 46 млрд шамасында болмақ. Енді осыған Жолдауда айтылған 180 млрд теңгені қосыңыз, демек көпшіліктің үй алу мүмкіндігі бар», - дейді.
Естеріңізге сала кетейік, «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арналған «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауын жолдаған болатын. Жаңа стратегиялық құжатта Елбасы жалға берілетін үйлерге көңіл аударып, елді үймен қамтуға тоқталған еді.
Индира Қауметова