• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Елбасының кезекті Жолдауы қазақстандықтардың өмір сүру деңгейін жақсартуға бағытталған – Жұмағұлова 12.11.2014

«Шахтинск қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Бастау» оқу-әдістемелік  орталығы қызметкерлері  Қазақстан  Республикасының  Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Нұрлы жол- болашаққа бағыт» атты Қазақстан халқына Жолдауын тыңдады.  Орталықтың оқытушылары мен қызметкерлері  Елбасының Жолдауында айтылған  мәселелердің еліміздің эканомикасын дамыту мен халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға қызмет ететініне сенімді», - деді ол.

Биылғы Жолдау ел   экономикасының   құрылымдық  реформасын жақсартуға бағытталған. Елбасы алдағы уақытта  Ұлттық Қорда жинақталған табыстың экономикамыздың дамуына пайдаланатын уақыттың келгенін айта келе, индустриялық және әлеуметтік инфрақұрылымдарды,  көлік, энергетика саласын дамытуға жұмсалатынына тоқталды.

«Сонымен қатар, халықты баспанамен қамтамасыз ету мәселесін шешу жолдарына тоқталып  , жалға берілетін әлеуметтік  тұрғын үй  салу ,оны  ұзақ мерзімге жалға беру  және   тұрғындардың сатып алу құқығына  ие болу  мүмкіндіктері туралы атап өтті», - деді ол.

Біз бүгінгі Жолдаудың әрбір қазақстандықтың бақытты өмір сүріп, Отанымыздың көркеюі мен  гүлденуі үшін  табысты еңбек етуіне  жағдай жасайтынына сенімдіміз, деді Жұмағұлова.

 


Back to the list