12.11.2014
«Бұл шаралар көптен бері ойластырылып келе жатқанын сезу де қиын емес. «Қамданған қапы қалмайды» деген, Елбасымыз не істеу керегін нақпа-нақ айқындап берді. Ал қандайма қиын жағдайға қарсы мемлекетке сүйеніш болып, амал алу барлық қазақстандықтың міндеті», - деді Б.Қыдырғожин.
Тәуелсіздіктің аз ғана кезеңінде Қазақстан ондаған жылдарға татитын белестерді бағындырды. Бұған дос та, дұшпан да куә. Тіпті о баста орындалуы күмән туғызған талай межені алдық, деді ол.
«Елбасымыз жариялаған «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясаты да ойдағыдай жүзеге асары шүбәсіз. Бұл осыған дейін қол жеткізген жетістігімізді баянды етудің, қиын жағдайлар ұшыраса қалса, одан аман-есен шығудың кепілі», - деді ол.
.