12.11.2014
«Елбасының «Нұрлы жол – Болашаққа бағыт» атты Жолдауы елдің экономикалық саясатын одан әрі дамытып, әлемде орныққан экономикалық дағдарыстан мемлекетімізді аман алып шығуға бағытталды. Елдің әлеуметтік жағдайын түзеу, халық алдындағы әлеуметтік міндеттерін орындау бағытында Үкіметке тапсырмалар берді», - деді ол.
Жолдауда әрбір саналы азамат ойланатын мәселелер айтылды. Біз үлкен кеңістікте өмір сүрудеміз, деді ол.
«Әлемде түрлі жағдайлар орын алуда. Елбасының ел әлеуетін арттыратын салаларды қолдауы, халықтың жағдайын көтеруді басты назарда ұстауы көңілге қонымды. Елі де қолдап, бейбіт өмірдің бағасын біліп, ұрпақ қамын ойлауы тиіс», - деді ақын.