12.11.2014
Аймақ басшысы Сергей Кулагин берілген тапсырмалардың ауқымдылығын атап өтті. «Біздің міндетіміз Мемлекет басшысы берген тапсырмаларды аз уақыт ішінде жылдам орындау. Біз жылдам және жүйелі жұмыс істеп, бөлінген қаржыны мақсатты түрде жұмсауымыз керек», - деп атап өтті ол.
Әкімдіктен хабарлағандай, аймақ басшысы Ереймантауда жел электрстанциясы мен Көкшетаудағы ЖЭС салу мәселесіне назар аударды. Бұдан басқа, ТКШ саласын жаңғырту, ШОБ дамыту және мектепкен дейінгі мекемелердің жетіспеушілігін жою керектігін тілге тиек етті.