• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Инновациялық даму қазақстандық білім беру  бәсекелестігінің қалыптасуына әсер етеді  - Қожамжарова 12.11.2014

««Нұрлы жол» – «Қазақстан-2050» даму стратегиясын жүзеге асыруда тағы да бір маңызды қадам. Жолдауда Қазақстанның жаңа экономикалық саясатының негізі ішкі өнімді арттыруға күш салу екендігіне баса назар аудара отырып, жол қатынасын жақсарту арқылы елдің ішкі әлеуетін арттыру ерекше аталып өтілді. Әрине, тоғыз жолдың торабы арқылы мәдениет те, өркениет те, экономика да өркендейді», - деді Д.Қожамжарова.

Оның айтуынша, елімізде білім, ғылым, экономиканы дамытуға ерекше ден қойылған және Қазақстан өз толеранттылығының арқасында бүгінде бәсекеге қабілетті әлем таныған мемлекеттердің қатарында. Республикамыздың Орталық Азия елдерінен ерекшелігі сол, дамудың 2050 жылға дейінгі стратегиясының жоспарланып, жүйелі іске асырылуында. 

«Жолдаудағы білім беру саласы қызметкерлерінің көңілінен шыққан тұс: біріншіден,  апаттық мектептер мен үш ауысымда оқу мәселесін шешуге бағытталған міндет, екіншіден, балабақшалардағы орын тапшылығын қысқартуға нақты іс-шаралардың бағытталуы, үшіншіден, маман даярлау және ғылым мен экономика салаларының байланысын қамтамасыз ететін жоғары оқу орындарының анықталуы, төртіншіден, тұрғын үй коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымын жаңғырту жас мамандарды тұрғын үймен қамтамасыз етуге туылатын зор мүмкіндік деп білемін», - деді ол.

«Нұрлы жол – болашаққа бағыт» жолдауының ерекшелігі және Елбасының көрегендігі әлемдік дағдарыстан шығу мақсатында стратегиялық маңызды салаларды ұлттық қордан кезең-кезеңімен қаржыландырып, дамыту.


Back to the list