11.11.2014
«Президент бүгінгі Жолдауда жаңа экономикалық саясатты жариялады. Бұл «Нұрлы жол» саясатының басты мақсаты - елдің әлеуетін көтеру және де елді-мекендердің инфрақұрылымын жақсарту. Сонымен қатар, өңірлердегі экономикалық әлеуеттерді ілгерілету болып табылады. Осы бағыттардағы жұмыстарды жалғастыруға Ұлттық қордан қосымша қаражаттар бөлініп отыр. Сондықтан да, бұл жұмыстар үшін республикалық бюджеттен жылына 3 млрд. АҚШ долларына жуық қаражат бөлінуін қамтамасыз етуді тапсырды», - дейді депутат.
Сонымен қатар, ҚР Парламенті Мәжілісі депутатының айтуынша, қалааралық бағыттардағы және жергілікті жерлердегі ауыларалық жолдарды жөндеуге немесе қайта жөндеуден өткізуге қатысты Елбасының берген тапсырмалары осы мақсатта қолға алынып жатқан шараларға серпін бермек.
«Жаңа экономикалық «Нұрлы Жол» саясаты көпшіліктің ең бірінші ретте қажет етіп отырған, кезек күттірмейтін мәселелеріне жауап береді. Бүгінде қолға алынып жатқан «Өскемен - Алматы», «Өскемен - Астана» және «Атырау - Астрахан» жолдарының жөндеуден өткізілуі елішілік қана емес, халықаралық бағыттардағы жолдардың маңыздылығын арттырмақ. Осы орайда Елбасының аталмыш жаңа экономикалық саясаты елдегі инфрақұрылымның қарқынды дамуына жол ашпақ», - дейді.
Бауыржан Мұқанов