• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
С.Романовская: Қазақстанның  мембағдарламаларды жүзеге асыратын мүмкіндігі мол 11.11.2014

Бүгін Мемлекет басшысы Н.Назарбаев «Нұрлы жол-болашаққа апарар жол» Қазақстан халқы Жолдауын жариялады.

«Бізде мемлекеттік бағдарламалар бар, оларды дамыту керек. Ең бастысы  - бізде оны жүзеге асыратын мамандықтар бар. Болашақ бағдарламасы бойынша біраз адам білім алды. Бізде ол үшін қаржы да бар. Біз тұрақты мемлекетпіз», - деді депутат.

Қазақстанның Президенті депутаттар алдында мемлекеттік бағдарламаға бөлінген қаржыны тиімді жұмсауға кеңес берді.

«Біз тұрақты елміз, қорқатын түк те жоқ. Ұлттық қорымыз да бар, одан жеткілікті қаражат бөлінеді. Мемлекеттік бюджеттің қанша керектігін де білеміз», - деді депутат.

«Қазақстанның жаңа экономикалық саясаты Ұлттық қордан қомақты қаржының бөлінуін ұсынуда. Мәселен, 100 млрд доллар шағын және орта бизнесті жеңілдікпен несиелендіруге  бөлінеді», - деді ол.

Сондай-ақ, депутат банк жүйесінен «жаман» несиелерді сатып алу қарастырылғанын атап өтті. Елбасының тапсырмасы бойынша 2015 жылы нашар несиелермен жұмыс істеу үшін 250 млрд теңге бөлінеді.

Нормативтік-құқықтық база бойынша кәсіпкерлік қызметті жақсарту бойынша заң жобасы әзірленді.

Камила Амирова


Back to the list