• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Президент ел инфрақұрылымын дамытуды басты назарға алады – депутат 11.11.2014

«Қазақстанның жаңа экономикалық «Нұрлы Жол» саясаты барлық бағдарламаларды қамтиды. Инфрақұрылым мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғыртудың барлық бағыттары сақталған. 2020 жылға дейін жыл сайын 200 млрд теңге бөлініп отырмақ. Тұрғын үй бағдарламасы мен инфрақұрылымды дамыту басты назарда. Сонымен қатар, елдегі жол мен әуежайды жақсарту мен Қазақстан халқының тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылым қалпына келтіру қарастырылған», - дейді депутат.  

Сонымен қатар, оның айтуынша, Президент адам капиталы мен шағын және орта бизнестің дамуына да ерекше көңіл аударды. Төменгі палата депутатының пікірінше, жаңадан қабылданған жемқорлыққа қарсы жаңа бағдарлама Қазақстанның экономикалық саясатына тың серпін бермек.

«Менің ойымша, ауқымды жұмыс істеу керек. Бүгінгі жиында осынау жемқорлыққа қарсы бағдарламаның қабылданып отырғаны да тегін емес. Елде жұмсалатын әрбір бөлінген қаражатты тиын-тиынына дейін санау шаралары қабылданып, бұл мәселе назарда ұсталады», - дейді депутат.

Индира Қауметова

 


Back to the list