• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Елбасының  Жолдауы  қазақ елін әлі талай зор жеңістерге жеткізеді – Рақымжанов 11.11.2014

«Біз бақытты ұрпақпыз, біз жаңа мемлекетте өмір сүріп жатырмыз, біз тоқсаныншы жылдардың қиындықтарын көрген жоқпыз, бұл әрине Елбасымыздың сарабдал саясатымен көрегендігінің арқасы. Алға қойған мақсатқа жету үшін әрбір азамат өз үлесін қосу керек», - деді Рақымжанов.

Оның пікірінше, елдің дамуы  жалынды жастардың қолында. Осы орайда Елбасы  жастар ісіне, жастар саясатына баса назар аудара отырып, жастардың лайықты еңбек етуі еліміздің кемел келешегі екендігін атап өткен болатын.

«Әрине, жарқын болашақ білімді жастардың қолында деп санаймын. Біз өз кезегімізде мүмкіндіктерді іске асыру барысында, бар күш-жігерімізді аямай, табысты жұмыс жасауымыз қажет. Мен, тәуелсіз қазақ елінде тынбай еңбек етіп, елімнің өркендеуіне өз үлесімді қосу абыройлы іс деп білемін. Жанымызды жандандырған бұл Жолдау біздің кемеңгер Елбасымен бірге тәуелсіз қазақ елін әлі талай зор жеңістерге жеткізіп, биік шыңдардан көрсететіні айқын», - деді ол.

 


Back to the list