30.10.2014
Өз сөзінде ол Жолдаудың әлеуметтік салаға қатысты бөлімін кеңірек ашты, мемлекеттің жеткен жетістігі мен Елбасының Үкімет алдында қойған міндеттерінің орындалу барысын әңгімелеп берді.
Сонымен қатар, директор түрлі бағыттағы сұрақтарға жауап берді, атап айтар болсақ, олар мемлекеттік жинақтаушы қордың жұмысына, қымбат ота бойынша берілетін квоталарға, мемлекеттік бағдарлама бойынша үй алуға, мұнай өнімдеріңнің бағасының қымбаттауына, сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелеріне байланысты болды.
Бұдан басқа, Н.Агубаев Атбасар қаласы мен Мариновск ауылдық округының халқымен және №1 орта мектептің ұжымымен кездесті.
«Бұдан кейін салынып жаткан нысандардың құрылысымен танысты. Сапарының соңында Н. Агубаев «Нұр Отан» партиясының аудандық бөлімінда жергілікті халықты қабылдады», - делінген хабарламада.