07.10.2014
«Ақпараттық даму мен біздің қоғамға әсер ету үрдісі қазіргі заманғы қоғам үшін өте қажет. Мен елімізде электронды үкіметтің дамуына әсер еткен бірнеше саланы атағым келіп отыр. Біз үкімет пен бизнестің арасында интерфейсті қолданамыз, олардың ішінде электрондық сатып алу, лицензиялау, салық салу арқылы біз үлкен табыс таба аламыз. Біз "электронды үкімет" арқылы көрсетіліп жатырған ең басты мемлекеттік қызметтердің тиімділігін, қолжетімділігін және ашықтығын жақсарта алдық. Қазір біз инвестицияларды қолданып, жаңа технологияларға назар аударамыз, сондықтан да біз мемлекеттік ақпараттық жүйе моделін енгізетін жобаны ұсындық. Бұл модель "бұлттар" негізіндегі платформаға өту үрдісін қамтиды. Оның негігі мақсаты – ашық үкіметті құру. Осылайшы, жоба бізді есеп беруші мемлекеттік органның тиімділігі мен ашықтығына қол жеткізуге көмектеседі». – деді Кәрім Мәсімов.
Сондай-ақ, Премьер-Министр үкімет cloud computing, big data development, machine communications сынды жаңа технологиялардың дамуын бақылауда ұстап отырғандығын айтты. Ол отандық инфрақұрылым деңгейін арттырып, сандық мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.
Үкімет басшысы Қазақстан «электронды үкіметтің» дамуы бойынша БҰҰ рейтингісінің 28-ші орнында екенін айтты. Бұл еліміздің әлемдік державалардың арасында бәсекеге қабілеттілігін арттыруда басты роль ойнауы мүмкін.
«Біздің инфрақұрылымның деңгейін көтеру үшін, негізгі мәселелерді шешуде инвестиция сынды сала өз жемісін бере бастады, Қазақстан қазір «электронды үкімет» дамуы бойынша БҰҰ рейтингісінің 28-ші орынында тұр. Біз мұндау даму бәсекелестікке қабілеттілігімізді арттырып, 50 дамыған елдің қатарында сенімді тұрғанымызды айта аламыз. Бұл жетістіктерге ғылым арқасында жетіп отырмыз. Жаңа технологияларды қолдану үрдісі үлкен жетістікке жеткізеді. Мен және менің үкіметім ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану арқылы жақсы жағдайдағы дамуға өткіміз келеді», - деді К.Мәсімов.
«Мен алдағы екі күнде ашық пікірталас диалогін өткіземіз деген үміттемін. Біз бұл жерге үздік сарапшылар мен мемлекеттік саланың тәжірибелі мамандарының, үкіметтік емес ұйым өкілдерінің басын қостық», - деді ол.
Индира Қауметова