24.09.2014
Шара Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбек жолын бастаған, ҚР Президентінің тарихи-мәдени орталығы Теміртау қаласында өтті. А.Сәрінжіповтың айтуынша, кейінгі ұрпақ Ұлт көшбасшысының өмір жолын өздеріне үлгі етуі керек.
Кітапты «Айқын» газетімен бірігіп Президенттің баспасөз қызметі басты. Туынды екі бөлімнен тұрады: «Биікке беттеген балалар» және «Ел тірегі - Елбасы». Кітап мазмұны мектеп оқушыларының Қазақстанның дамуына берген бағасынан және Тұңғыш Президент Н.Назарбаевтың қызметі туралы ойларын, елдің болашағы туралы пікірлерін қамтиды. Шын жүректен шыққан шығармалар оқушылардың армандары мен мақсаттарының көрінісі іспетті.