23.09.2014
«Қазақстанда бейбітшілік пен келісім ерекше салтанат құрған. «Қазақстан-2050» Стратегиясында күн тәртібіне қойылған ұлтаралық келісім мен экономикалық және әлеуметтік даму елді негізгі қозғаушы күшке айналдырып отыр» - дейді А.Бушез.
Оның айтуынша, «Қазақстан-2050» ұзақмерзімді стратегиясы Қазақстан мен Франция арасындағы әріптестік байланыстың кепілі болып табылады.
«Еуроодақтың Қазақстандағы қызметінің басым бағыттарының бірі мемлекеттік қызметті жетілдіру. Осы орайда «Қазақстан-2050» Стратегиясы аталмыш саланы дамытуда да өзіндік мәнге ие. Бұл жағынан Қазақстанның ұстанған бағыты Еуропа елдерінен алшақ емес», - дейді А.Бушез.
Сөз соңында Қазақстандағы Еуропа одағы өкілдігінің басшысы ауқымды құжаттың жемісті болатынына сенім білдірді.
Бауыржан Мұқанов