• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Семейде «Нұрсұлтан Назарбаев – ядролық қаруға қарсы әлемнің көшбасшысы» көрмесі ашылды 15.09.2014

«Шара тәуелсіздік жылдарында Қазақстан Президенті мұрағатының бастамасымен алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Ұйымдастырушылардың барлық қажетті құжаттар мен бейне, фото деректерді жинауына бір жыл уақыт кеткен. Шараға ҚР Президентінің мұрағаты, ҚР Президентінің телерадиокорпорациясы, ҚР Ұлттық мұрағаты, ҚР Орталық мемлекеттік мұрағаты, ҚР Орталық кинофотоқұжаттар мен дыбыс жазбалары мемлекеттік мұрағаты, ШҚО мемлекеттік мұрағаты мен Семей қаласындағы ШҚО жаңа тарихты құжаттау орталығы ат салысты», - деп хабарлайды қала әкімдігі.

«Нұрсұлтан Назарбаев – ядролық қаруға қарсы  әлемнің көшбасшысы» көрмесіне 5 тақырыптық блок енгізілген. Онда өте маңызды бейне және фотоқұжаттар топтастырылған. Олардың кейбірі алғаш рет көпшілік назарына ұсынылып отыр.

«Көрме 1991 жылдың 29 тамызындағы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Семей сынақ полигонын жабу туралы» Қаулысына қол қоюдан бастау алған Қазақстанның ядролық қарусыздану  процесінің күрделі кезеңдерінен хабар береді.  1995 жылдың сәуір айында Қазақстаннан ядролық зымыран шығарылып, мамыр айында Делеген алаңында ядролық зарядтың соңғы жарылысы жасалды. Алайда, Қазақстанның қарусыздануы Қазақстан Президентінің әлемдегі ядролық қарудан бас тарту мен бейбітшілікке шақырудағы жұмыстарының тек басы ғана еді», - дейді ҚР Президенті мұрағатының директоры Борис Жапаров.

«Нұрсұлтан Назарбаев – ядролық қаруға қарсы  әлемнің көшбасшысы» көрмесі Семейден кейін Алматыға сапар шегеді, ал Тәуелсіздік күні Астанаға ат басын бұрады.


Back to the list