• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
20 елде ұзақмерзімді 2050  Стратегиясын түсіндіру шаралары ұйымдастырылады 08.09.2014

«Стратегияның басты орындаушыларының барлық бұқара халық екені белгілі. Стратегияның өз деңгейінде орындалуы халықтың осы туралы кеңінен ақпараттануына келіп тіреледі. Оның идеясы, мақсаты мен міндеттемелері әрбір қазақстандық азаматқа жеткізілуі тиіс», - дейді М.Әзілханов.

Вице-министрдің айтуынша, ұзақмерзімді бұл құжат араб, түрік, монғол мен өзбек тілдеріне аударылған. «Биыл біз Стратегияны шетелдерде кеңінен насихаттау жұмыстарын жалғастыра түсеміз. Шара 20 елде ұйымдастырылады. Атап айтар болсақ,  Қытай, Монғолия, Франция, Швеция, Голландия, Норвегия, Ресей, Германия және басқа де мемлекеттерде», - дейді вице-министр.

Оның пікірінше, ақпараттық-насихаттау жұмыстарының тиімділігін арттыру жоспарлануда. «Біздің міндетіміз бүгінгі таңда кездесулерді жандандырып, оны барынша өнімді етіп, жаңаша форма іздеу болып табылады», - дейді.

Сонымен қатар, онлайн конференция өткізу жобаларын да іске қосу қарастырылуда. Алаңдарда сараптамалық қауымдастықтар 2050 Стратегиясының қазіргі орындалу қарқынын талқылайтын болады.

Шараға Қазақстанның әр өңірінен 100 шақты делегат қатысуда, араларында оқымыстылар, мұғалімдер мен сарапшылар бар.

Камила Амирова


Back to the list