• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қ. Жақыпов: Елбасының бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз ету  күш-жігері айрықша саяси көрегенділіктің үлгісі 02.09.2014

Парламентішлердің барлық тапсырмаларды орындауға дайын екендігін жеткізген Мәжіліс Төрағасы Қабиболла Жақыпов Елбасы бастамаларының мемлекеттік және халықаралық деңгейдегі маңыздылығын айрықша атап өтті. Осы ретте Мәжіліс Спикері Қазақстан Президентінің бейбітшілік пен келісім бағытында жүргізіп отырған саясатына ерекше көңіл бөлді.

«Күллі әлемдегі қазіргідей қиын уақытта ел ішінде де, халықаралық деңгейде де бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз ету жөніндегі Сіздің жүргізіп отырған саясатыңыздың көреген әрі кемеңгер екендігі айдан анық. Сіздің айрықша күш-жігеріңіздің арқасында Қазақстанның әлем алдындағы беделі бұрынғыдан да биіктей түсіп, осынау бедел-абырой еліміздің қауіпсіздігі мен тәуелсіздігінің кепіліне айналып отыр»,-деді Қабиболла Жақыпов.

 


Back to the list