• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Конституциямен Мәңгілік Ел идеясы қоғамдық татулық пен келісімнің негізі – Е. Ибраев 01.09.2014

Конституциямен Мәңгілік Ел идеясы қоғамдық татулық пен келісімнің негізі, деп ҚР МСМ ДІК Христиан және Қазақстан үшін дәстүрлі емес діни ағымдарды зерттеу бөлімінің басшысы Ержан Ибраев strategy2050.kz АА берген сұхбатында мәлімдеді.

Оның айтуынша, қазақстандық мемлекеттіліктің қалыптасуындағы Конституцияның рөлі мен маңызы қазіргі кездегі Қазақстанның амбициялы ұмтылысына сәйкес жаңа мақсаттар мен міндеттерді жүктей отырып, қоғамдағы ұлтаралық және конфессияаралық татулық пен келісімді нығайтушы факторға айналды.

«Қазақстан Республикасының Конституциясы қажетті құқықтық негіздерді бекіте отырып, заманауи нарықтық экономиканың тиімді моделін қалыптастырды. Сонымен бірге, қоғамдағы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жүйесінің негізі қаланып, қазақстандық патриотизм мен ұлттық бірліктің идеологиялық құндылықтары айқындалды», - деді Е. Ибраев.

Ата Заңымыздың 1 бабының екінші тармағында «Республика қызметінің түбегейлі принциптері: қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық; бүкіл халықтың игілігін көздейтін экономикалық даму; қазақстандық патриотизм...» делінген. Осы орайда Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының «Мәңгілік Ел» идеясы аталған қағидаттардың сабақтастығы іспеттес.

«Бұл идея бүкіл қазақстандықтарды ұлтына, нәсіліне, діни сеніміне қарамастан бір бағытқа топтастыратын мемлекетіміздің басты идеологиясы ретінде жария етілді. Өскелең ұрпақ Ата Заңымыз бен«Мәңгілік ел» идеясындағы еліміздің тұғырын айқындаушы осынау қағидаттардың құндылығынтерең сезіне отырып, оны қадір тұтса елдігіміздің ертеңі берекелі болмақ», - деді ол.

 

 


Back to the list