31.08.2014
Қалалық ТКШ бөлімі секторының меңгерушісі Марат Нұрғалиевтің айтуынша, пәтерлердің барлығы кезекте тұрған қала тұрғындарына бұйырды. Кезек иелеріне бір, екі және үш бөлмелі пәтер кілттері табысталды, деп хабарлайды облыс әкімдігі.
Қоныс иелерін құттықтаған өңір басшысы Бақтықожа Ізмұхамбетовтің айтуынша, Атырауда бірініші жартыжылдықта 318 пәтерлік бес үй өз иелерін тапқан. Ал таяуда Жарбосынов көшесіндегі екі жаңа үйге жас отбасылар келіп қоныстанды.
Жыл соңына дейін 1 830 пәтерлік 32 жаңа үй пайдалануға берілмек.