• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Конституция күнін атап өту Алматы облысында мерекелік шеруден басталды 30.08.2014

«Орталық алаңға жиналған халық белгілі өнер ұжымдары мен облыс әртістерінің ән-билерін тамашалады», - делінген хабарламада.

Шараның салтанатты ашылуында құттықтау сөз сөйлеген облыс әкімі Амандық Баталов тәуелсіз мемлекетіміздің басты құқықтық құжаты Конституция еліміздің одан әрі дамуына зор мүмкіндік беріп отырғанын атап өтті.  Сондай-ақ бүгінгі жетістіктеріміздің барлығына Ата Заңымыз негіз болғанын тілге тиек етті.

Мереке әрі қарай «Ата Заң – арайлы таңым!» тақырыбында облыстық Сүйінбай атындағы филармония мен «Талдықорған әуендері» ансамблінің концертіне ұласты.  

Осындай мерекелік шаралар облыстың барлық аудан, қалаларында өткізіліп, кешкілік жастар би кешімен қорытындыланады.  


Back to the list