30.08.2014
Ұзақмерзімді әлеуметтік жобаның мақсаты – ұлттық патриотизмді жандандыру, мәдениет қызметкерлерінің беделін нығайту, деп хабарлады облыс әкімдігінен.
«Бұл жоба ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауындағы қоғамдық санада еңбектің құндылығын арттыру, өмірдегі жетістіктердің бастамасы еңбек екенін түсіндіру туралы тапсырмасына жауап болып табылады. Қазақстанның танымал ақындары Ақұштап Бақтыгереева, Валерий Михайлов, Аслан Жақсылықов, Татьяна Фроловская, Надежда Чернова, Орынбай Жанайдаров, Юрий Поминов, Александр Тараков, Қайрат Бақбергенов, Амантай Өтегенов, Жанарбек Әшімжанов топтың ірі кәсіпорындарында болып, еңбек ұжымдарымен кездесті, шеберлік-сыныптар өткізді», - делінген хабарламада.