29.08.2014
MEGA Astana ОСО-да бағалы сыйлықтар тігілген викториналар т.б. ойындар ұйымдастырылып, концерт қойылады. Балалар үшін аквагрим жасату және естелікке фотосуретке түсу тегін болады.
««Сарыарқа» СО-да 7-8 жастағы 7 конкурсанттың қатысуымен шоу өтеді. Шара барысында қатысушылар өздерін таныстырып, қолдарынан шыққан туындыларды көрсетіп, өнерлерін ортаға салады. Сонымен қатар, келушілерге орталықта тауарларды жеңілдікпен сатып алуға мүмкіндік туады», - делінген хабарламада.
Мереке аясында «Керуен» сауда ойын-сауық орталығы «Мектепке жол» акциясы аясында аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға көмек көрсетпек. Бұл күндері орталыққа келушілерге жаңа топтамалар ұсынылатын болады.
«Азия Парк» сауда ойын-сауық орталығында әнші Адам (Новая Волна – 2013 қатысушысы) сияқты қазақстандық эстрада жұлдыздары мен би ұжымдарының концерттік бағдарламасы өтеді. 31 тамыз күні «Azia Park Live Muzic» саз кеші өтсе, 1 қыркүйек күні де концерттік бағдарлама қойылып, бағалы сыйлықтар ойнатылады. Сонымен қатар, ОСО келушілері аспазшылық мастер-кластарға қатысып, аквагрим жасатып, ойын залында сауық құруларына болады.
30 тамызда «Хан Шатыр» ОСО-ның келушілері қазақтың ұлттық ойыны Қанталапайды ойнап, қолма-қол сыйлықтарды иеленуге мүмкіндік алады. 31 тамыз күні «Көк түркілер» ұлттық оркестрі қонақтардың делебесін қоздырып, құлақ құрышын қандырмақ.