• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
ҚР Ата Заңы күніне арналған  ұлттық спорт түрлерінің жарысы басталды 29.08.2014

Ән-шашумен басталған шарада облыс әкімі Амандық Баталов құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

« Облыс басшысының айтуынша, биылғы жылы өңірде ұлттық ат спорты түрлерін дамытуға  жергілікті бюджеттен 43,8 млн. теңге бөлінген», - делінген хабарламада.

Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған тұлпарлар 11 шақырымдық құнан бәйге, 9 шақырымға жорға жарыс, 16 шақырымдық топ бәйге, 25 шақырымға аламан бәйгеде бақ сынасты. Сонымен қатар қыз қуу, аударыспақ,  теңге ілу ойындары да жарыстың көрігін қыздырды.

Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздарға 7 автокөлік, ақшалай сыйлықтар мен диломдар беріледі.

 


Back to the list