28.08.2014
«Бұл күні, құрметті қарауыл – ҚР «Ұлан» мемлекеттік қорғау қызметінің ту ұстаушы тобы ҚР Мемлекеттік Туын алып шығады және бұл мерекелік бағдарламаның басталуын білдіреді», - делінген хабарламада.
Елдің Туы мен Елтаңбасын көтерген мерекелік шеруге қатысушылардың қатарында Әскери оркестрдің барабаншылары, Әскери-инженерлік радиоэлектроника және байланыс институтының курсанттары, «Арыстан» әскери арнайы әскери лицейінің курсанттары бар.
Концерттік бағдарлама мазмұнды әрі қызықты. Екі сағатқа жуық сахнада қазақстандық эстрада жұлдыздары мен Ресейден - Санкт-Петербург қаласынан келген мүйіз аспаптар оркестрі өнер көрсетеді, олар мерекенің шырайын келтіріп, көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды.
Сондай-ақ, 31 тамыз күні Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында Ресей Мүйіз аспаптар оркестрінің концерті болады, бағдарламада Бахтың, Моцарттың, Рахманиновтың және т.б. танымал классикалық шығармалары орындалады.