27.08.2014
Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, респонденттердің 41% Қонституция күнін атап өтуді оң көрсе, 34% аталмыш мерекені жеке мейрамдарымен бірдей атап өтеді екен.
Сонымен қатар, сауалнама жүргізу барысында жастарға Конституция күнін атап өтуді жоспарлап отырсыз ба деген сұрақ қойылды. Сауалнамаға қатысқандардың 52% аталмыш күнді жыл сайын атап өтетінін және осы жылы да мерекелейтінін, ал, 37% бұл күнге ешқандай жоспары жоқ екенін, алайда көкжәшік арқылы мерекелік бағдарламаларды тамашалайтынын жеткізген.
Бұдан басқа, Конституция күнін атап өту жастардың 55% патриотизмді оятады десе, 32% мақтан тұтамыз деп жауап берген.
Ал, жастардың 53% Қазақстан Республикасының Конституциясын құқық пен адам бостандығының кепілі ретінде сипаттасы, 30% еліміздің басты заңы ретінде атап өткен.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Конституциясы өмір мен қоғамды дамыту салалары қаншалықты қамтылған деген сұраққа респонденттердің 97% еліміздің бас құжатына сәйкес барлық мәселелер жан-жақты қамтылған деп жауап қайтарған.
Басты заңды насихаттау қажет пе деген сұраққа сауалнамаға қатысқандардың 60% «ия» деп жауап берген.
«Жастардың пайымынша барлық огандарда Конституцияны қаншалықты білетінін анықтайтын емтихан болуы тиіс екен. Ал, олардың 75 % Қазақстан азамттарының барлығы Конституцияны жатқа білуге міндетті деп жауап берген. Қуаныштысы сол, ҚР Конституциясының негізгі қағидаларын жастардың 67% біледі», - делінген хабарламада.