27.08.2014
Астанада мереке күндері кітапханалар мен мұражайларда мерекелік көрмелер, сынып сағаттары, флешмобтар, аула клубтарының фестивальдері ұйымдастырылады. Сондай-ақ, грек-рим күресі бойынша қалалық турнир өтеді.
Әкімдікте хабарлағандай, елордалықтарға азық-түлік өніміне 10-20 пайыз жеңілдіктер жасалады, сондай-ақ, мерекелік шаралар мен КТК көңіл көтеретін болады.
Астаналықтар мен қала қонақтары ашық аспан астында өтетін концерттерді тамашалай алады.