22.07.2014
«Қазақстанның бай табиғи және мәдени мұрасын сақтауда қосқан ерен еңбегі үшін алғыс айтып, Тянь-Шань дәлізін Дүниежүзілік ЮНЕСКО мұрасына енгізіліп отырғаны үшін құттықтауға рұқсат етіңіздер», - деді Э.Фальт.
Оның айтуынша, ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік биосфералық резерватына тағы жаңа екі резерват енгізілді. Олар азақстанның «Қатонқарағай» мемлекетітк ұлттық табиғи паркі және «Айжайық» биосфералық аймағы.
«Осы орайда орталық Қазақстанның дүние жүзі бойынша жан-жақтылық, түсіністік пен ынтымақтастыққа қатысты мәдениетаралық және дінаралық диалогты дамытудағы халықаралық қауымдастық үшін стратегиялық құрылымды қамтамасыз етудегі маңызы зор. Қазақстан осы саа бойынша соңғы он жылдықтағы ірі көшбасшылардың бірі», - дейді.
Қазақстанның 8 нысаны ЮНЕСКО әлемдік мұралар қатарына өткен. Сонымен бірге, Қазақстан, Қырғызстан және Қытай тараптары бірлесе дайындаған «Ұлы Жібек жолы: Жібек жолының бастапқы бөлігі, Тянь-Шань дәлізі бағыттарының жүйесі» жөніндегі сериялық трансшекаралық номинациясының ЮНЕСКО Бүкіләлемдік мұра тізіміне енгізілді.
Камила Амирова
Суретке түсірген Азамат Алиев