21.07.2014
Естеріңізге сала кетейік, IPHO-2014 Астана қаласында 13-21 шілде аралығында өтті. Әлемнің 85 мемлекетінен келген 400-ге жуық оқушының білімі Назарбаев университетінде бағаланды.
Дүбірлі додада ел намысын қазақстандық 5 оқушы қорғады және IPHO-2014-тен олардың бірде-біреуі бос қайтпады. Олимпиада нәтижесі бойынша 8 орынға табан тіреген Қазақстан жеңімпаз мемлекеттер 10-на кірді.
Алғашқы үштікте Қытай, Корея мен Тайван елдері.