15.07.2014
«Саламатты Қазақстан» бағдарламасы аясындағы Президенттің тапсырмалары бүгінде өңірлерде жоғарғы деңгейде орындалып жатыр: соңғы медициналық технологиялармен жарақтандырылған заманауи жаңа клиникалар, амбулаториялар салынуда. Соның арасында біздің қайта бейімдеу орталығы да бар. Ол мемлекеттік-жеке меншік әріптестік негізінде салынды. Біз «Даму» қоры арқылы 400 млн теңге көлемінде айтарлықтай деңгейдегі мемлекеттік қолдау алдық. Сонымен қатар мемлекеттік қаражат есебінен клиникамызда барлық қажетті инфрақұрылым жасалды», - дейді директор.
Мұнда кардиология, кардиохирургия, неврология, нейрохирургия, травматология мен ортопедия бойынша ересектер мен балаларды қайта бейімдеудің негізгі бағыттары құрылған.
«Барлық қызметкер елдің және алыс-жақын шет елдің алдыңғы қатарлы клиникаларынан оқып келді. Біз медициналық қызмет көрсетуде барлық мүмкіндіктерге иелік етеміз. Осы тұрғыда біздің барлық жетістіктеріміздің тікелей Мемлекет басшысының саясатымен байланысты екені анық», - дейді медицина орталығының директоры.