• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Президент саясатының арқасында бүгін біз Қазақстанды көркейтудеміз – А.Кәрімов 10.07.2014

«ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ірі өнеркәсіп ошақтары бар қалаларға қарағанда шағын және орта кәсіпкерліктердің кеңінен дамыған қалалар болашағының жарқын екенін айтқан болатын. Осы орайда Семей қаласының жалпы кірісінің 50 пайызының шағын және орта кәсіпкерліктерден түсетінін ескерсек, бұл біздің көңілімізге қуаныш ұялатады. Біз қазір Еуразиялық Экономикалық Одаққа қарай ыңғайланып жатырмыз. Біз Ресей нарығымен де танысып үлгердік, өнімдердің одақ елдеріндегі сұранысы жоғары. Бұрындары біздің қаланың ет өнімдері мен жеңіл өнеркәсібінің барша Кеңес одағын асырағаны тарихтан белгілі. 20 жылда біз осы қуаттан айырылып қалғанымызбен, қазергі таңда қайта қолға алудамыз. Қаланы дамыту бойынша ауқымды жоспарлар бар. Бұл Қазақстанның стратегиялық мақсаттарымен үндесіп жатыр», - дейді әкім.

Оның айтуынша, Қазақстанның үлкен жетістіктерінің бірі – толеранттылық, келісім мен бейбітшілік.

«Елімізде тыныштыққа нұқсан келтіретін ешқандай да жағдайлар болмайды. Бұл қоғамның саулығын көрсетеді. Біз ұлтаралық және дінаралық диалогтың жарқын үлгісін көрсеткен елміз. Сол себепті біздің қоғам тұрақты дамып келе жатыр. Әрине, жол, тұрғын үй, коммуникация мәселелері елімізде өте қиын жағдайда. Дегенмен біз Қазақстанды құрып жатырмыз», - дейді қала басшысы. 


Back to the list