• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Назарбаев орталығы қазақстандықтардың мақтанышына айналады – Елбасы 02.07.2014

«Біз бүгін тұңғыш рет Тұңғыш Президент-Ұлт көшбасышының кітапханасында индустрияландыру және инновация бойынша отырыс өткізгелі отырмыз. Бұл ғылымды тарату мен тарихты оқуға арналған  жаңа орталыққа  айналады.Елордада салынған заманауи архитектура алыбы Норман Фостердің 3-ші еңбегі», - деді Н. Назарбаев.

Елбасы сондай-ақ, мекеменің үстіңгі жақтағы шыны жабылымы қысы-жазы табиғи күн сәулесін өткізуге мүмкіндік беретіндігін тілге тиек етті.

«Бұл біздің «жасыл» экономикаға өтуіміздің, энергия үнемдеуге  ұмтылудың жолы. Бұл «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне дайындықтың маңызды бастамасы. Мекеме қазақстандықтардың мақтанышына айналатынына сенімдімін», - деді Елбасы.

Сондай-ақ, Елбасы бүгін Астанада Ұлттық тарихи мұражайдың ашылу салтанаты өтетінін атап өтті.

Камила Амирова

 


Back to the list