02.07.2014
2011-2013 жылдар аралығында Қазақстанға келген шетелдік азаматтардың саны 18,6 млн адамды құраса, соның ішінде 2011 жылы 5,6 млн. Бұл 2010 жылғы көрсеткіштен 39%-ға жоғары (2010 жылы 4 млн адам). Ал 2012 жылы 6,1 млн, бұл 2011 жылға қарағанда 8,4% артық. 2013 жылы 6,8 млн адам, 2012 жылмен салыстырғанда 11% көп көрсеткіш, деп хабарлайды Туризм индустриясы комитетінің баспасөз қызметі.
Қазақстанға көбіне ТМД мемлекеттерінің азаматтары келетін көрінеді. Атап айтар болсақ, Өзбекстан (2,4 млн), Ресей Федерациясы (1,7 млн), Қырғызстан (1,3 млн).Алыс шетелдерден ҚХР (205 мың), Түркия (92 мың), Германия (75,4 тыс).