• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
ЮНЕСКО   мұра тізіміне қазақстандық 8 мәдени нысан енгізілді 24.06.2014

Тізімге енгізілген 33 нысанның 8 Қазақстан тарапынан. Олар: Алматы облысындағы Қаялық, Қарамерген мен Талғар, Ақтобедегі Степнинск, Ақыртас, Құлан, Қостөбе  және Жамбыл облысындағы - Өрнек.

Бұған дейін аталмыш тізімге Қазақстанның екі мәдени нысаны  Қожа Ахмет Яссауи кесенесі мен Тамғалы петролифтері және бір Сарыарқа жазығы мен Солтүстік Қазақстанның өзендері алынды. Алдағы уақытта ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұра тізіміне тағы 18 мәдени ескерткішті енгізу жоспарлануда, деп хабарлайды Туризм индустриясы комитетінің баспасөз қызметі.

Еуразия жүрегіндегі Қазақстанның географиялық орналасуы жібек жолы бойы туризмді дамытуға мүмкіндік береді. 2020 жылға дейінгі туристік саланы дамытудың тұжырымдамасы аясында Оңтүстік Қазақстан кластері «Ұлы Жібек жолының жүрегі» ретінде таныстырылатын болады. Аталмыш кластерде дайындалатын негізгі туристік өнімдерге турне мен мәдени туризм жатқызылатын болады.


Back to the list