23.06.2014
«Бүгінгі таңда елімізде кәсіпкерліктің дамуына барлық жағдай жасалған. Онда Н.Назарбаевтың еңбегін елексіз қалдыруға болмайды. Мен Елбасының бастамасымен қолға алынып жатқан салық жүйесін қысқарту, тұрақты тексерістерді азайту секілді орта және шағын кәсіпкерліктің дамуына серпін беретін экономикалық реформаларды қос қолдап қолдаймын», - дейді.
Кәсіпкердің айтуынша, ол 5 жылдан бері өз ісін жүргізіп келеді. Осы уақыт аралығында ол айтарлықтай жетістіктерге жеткен.
«Біз сайт жасау мен оны ілгерілету жұмыстарымен айналысамыз. Менің негізгі тұтынушыларым – шағын және орта кәсіпкерлік иелері. Қазіргі таңда өз кәсібін ашамын деген адамға ешқандай да кедергінің жоқ екенін айта аламын», - дейді ол.
Оның пікірінше, Елбасының стратегиялық жоспарлары мен идеялары еліміздегі кәсіпкерліктің дамуына түрткі болып отыр.
«ҚР Президентінің стратегиялық жобаларының арқасында әкімшілік кедергілер азайтылып, салық жүйесі айтарлықтай ретке келтірілді. Заман өзгерген сайын бізге барлығы оңайға түсуде», - дейді Руслан Қомытов.
Бүгінде Қазақстанда шағын кәсіпкерлік үлкен қарқынмен қанат жаюда. Шағын және орта кәсіпкерліктің ел экономикасындағы үлкен маңызын ескерсек, бұл мемлекеттің қуатын арттыратын бірден бір фактор болмақ.
Мадина Нұрбекова