• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
2020 жылға қарай туристер саны жылына 8,4 млн адамға жетеді – Туризм индустриясы комитеті 22.06.2014

ҚР Туризм саласын дамыту тұжырымдамасының барлық жобаларын жүзеге асырған жағдайда 2020 жылға қарай елімізге келетін туристер саны жылына 8,4 млн адамға жетеді деп болжануда. Сонымен қатар, қосымша 200 мың жаңа жұмыс орны ашылуы мүмкін, деп ҚР ИЖТМ Туризм индустриясы комитетінен хабарлады.

Сонымен, Тұжырымдама аясында 5 туристік кластерді құру жоспарлануда. Олар: Астана, Алматы, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан. Аталмыш кластерлерде ұлттық жобаларды жүзеге асыру көзделген. Мәселен, Бурабай жобасы Астана кластерінде, Бұқтұрма мен Қатон-Қарағай Шығыс Қазақстан кластерінде, Кендірлі Батыс Қазақстан кластерінде жүзеге асырылады.

Ал, туристік кластерге енбеген аймақтарда ішкі туризмді дамыту мақсатында әлеуетті туристік өнімдер анықталатын болады. Әр туристік кластерде бірнеше туристік өнім ұйымдастырылады.

Жалпы, негізгі ал туриситік өнімді жасақтау көзделген. Олар: MICE-туризм, мәдени туризм және турне, белсенді және шытырман оқиғаға толы демелыс, тау мен өзен жағасындағы демалыс, жағажай туризмі, соңғысы қысқамерзімді туризм. 


Back to the list