• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қазақстанның мемлекеттік қызмет моделі-АҚШ үшін үлгі - Ч. Ньюланд 21.06.2014

Профессордың  пайымынша, Қазақстанның мемлекеттік қызмет жүйесіндегі реформаларына сәйкес, саяси мемлекеттік қызметкерлер саны азайып, оның орнына 2050 жылға дейінгі елдік даму стратегиясын жүзеге асыруға белсене кірісетін әкімшілік қызметшілер саны арта түсетін болады. 

«Қазіргі таңда Қазақстанның мемлекеттік қызмет жүйесі менің ойымша әлемдегі ең озық үлгілердің бірі, тіпті АҚШ-пен салыстырсақ та солай. 70-ші жылдары АҚШ саяси қызметшілер санын арттыру жолын ұстанған болатын. Ал бұл мәселеде америкалық үкімет белгілі бір деңгейде олқылық жіберді. Бізге керісінше, сіздердің мемлекеттік қызмет жүйесіндегідей бағытта жұмыс жасау керек еді», - деді профессор Честер Ньюланд журналистерге берген сұхбатында.

Айта кетерлігі, Честер Ньюланд АҚШ Мемлекеттік басқару Ұлттық академиясының және аумақтық басқару жөніндегі халықаралық қауымдастықтың мүшесі болып табылады. 

 


Back to the list