20.06.2014
«Шанхай бестігіне» ену Қазақстанның өңірдегі қауіпсіздік пен тұрақтылық ынтымақтастығы саласындағы мүмкіндіктерін кеңейтіп, сауда, энергетика, транспорт, ауыл шаруашылығы, телекоммуникация мен экономиканың өзге де салаларына қанат бітірді.
Соынмен қатар, Қазақстан ШЫҰ елдерімен ғылыми-техникалық, мәдени, білім беру, туристік, гуманитарлық салаларда да айтарлықтай деңгейде әріптестік құрды.
ШЫҰ-ға қатысу Қазақстанның алдағы уақытта Шанғай ынтымақтастық ұйымына қатысушы мемлекеттердің халықтарының өмір сүру деңгейін арттыру мақсатындағы теңдей әріптестік негізіндегі сыртқы саяси байланыстарды дамытуға мүмкіндік береді.