20.06.2014
2014 жыдың басында жүргізілген сауалнамаға 28 мемлекеттен 200-ден астам инвестор қатысты. Зерттеу нәтижесі бойынша Қазақстан инвестициялық тартымдылық жағынан ТМД-да Ресейден кейін екінші орынды иеленді. Осы ретте, Қазақстанда жұмыс істейтін инвесторлар Ресеймен салыстырғанда Қазақстанға дауысын берсе, потенциалды инвесторлар елімізді 3 орынға қойып отыр.
Жұмыс істеп жатқан және потенциалды инвесторлар Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын әрқалай бағалады . Сауалнамаға қатысқан инвесторлардың 81,2% Қазақстанның басты артықшылығы макроэкономикалық тұрақтылық деп жауап қайтарған. Ал, 79,6% елдегі саяси және әлеуметтік тұрақтылыққа тоқталса, 72,8% Қазақстанның басты артықшылықтарының бірі телекоммуникациялық инфрақұрылым деген. Сондай-ақ, 63,4% ішкі нарықтың көлемін инвестицияға қолайлы десе, 56,8% топтық салыққа оң бағасын берген.
Потенциалды инвесторлар бұл артықшылықтардан хабарсыз. Алайда олар өзгешелік ретінде еңбектің өтемі мен кәсіпкерлік мәдениетін атап өтті. Сонымен қатар, потенциалды және Қазақстанда жұмыс істеп жатқан инвесторлар елдегі телекоммуникациялық инфрақұрылымдардың және тұтыну нарығының жоғары деңгейде дамуын баса айтқан.