19.06.2014
Сауалнама 2014 жылдың басында 28 мемлекеттен келген 200-ден астам инвесторлардың арасында жүргізілді.
«Зерттеу нәтижелері Қазақстанның әлеуеті жайлы инвесторлардың хабардар екенін көрсетті. Бұл ҚР Үкіметінің қабылдап жатқан шараларымен, елдегі EXPO-2017 көрмесіне дайындық жұмыстарымен, түрлі роуд-шоулар мен форумдармен, аймақтық және халықаралық интеграциялық процестерге белсене араласуымен, сауда серіктестерімен ынтымақтастықты кеңейту жұмыстарымен байланысты болуы мүмкін», - делінген компанияның есебінде.