• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Тәуелсіз Қазақстан: Жаңа сот жүйесі 18.06.2014

«Мемлекет басшысы Судьялардың кезекті VI съезіне 2013 жылы 20 қарашада қатысып, өзінің көкейге түйген ойларын және сот төрелігін одан әрі жетілдіру туралы келелі ұсыныстарын білдірді. «Біз «Қазақстан-2050» Стратегиясын темірқазық ете отырып, сот жүйесін жетілдіруді жалғастыра беруіміз қажет. Егер де біз реформа жасағанда экономикада, саясатта сот жүйесін, жалпы құқық қорғау жүйесін түземесек, көздеген мақсатымызға жете алмаймыз. Біздің азаматтар сот жүйесінде барлық мәселелерді шешуі керек, өзінің құқығын қорғай алуы керек. Мемлекеттің де, менің де сот жүйесіне көп көңіл бөліп отырғаным сондықтан», деп айтқан сөзі соттарға тың күш берді», - делінген мақалада.

«Біз, Судьялар қауымдастығы, Ел­ба­сының әр жылдардағы съезд қоры­тындысында берген тапсырмаларына сәйкес, жалпы сот жүйесін дамытуға белсене атсалысып келеміз

Қазақстанның қарқынды дамуы біздің алдымызға жаңа міндеттер қойып отыр. Еліміздің әлемдегі ең дамыған елдер қатарына кіру бағдарламасы, белсенді интеграциялық процестер сот өндірісінің уақыттың сын-қатерлеріне теңбе-тең болуын талап етуде. Бұл ретте азаматтық сот ісін жүргізудің жаңа моделін қалыптастыру тараптар мүдделерінің тепе-теңдігін қамтамасыз ететін прагматикалық тәсілдерге негізделген.

Біз Қазақстан қоғамына етене жақын сот төрелігін қалыптастыру тұжырым­дамасына сүйенеміз. Даулардың бейбіт жолмен реттелуіне көмектесу судьялар қызметінің бір саласы деу керек. Әлем елдерінде дауларды баламалы түрде шешу рәсімдерінің белсенді қолданылғаны бізге де үлгі, әрі оның тиімді тұстарын алғанымыз жөн.

Елімізде бизнестің өзін өзі ұйымдас­тыруын ынталандыру жөніндегі шара­лардың дер кезінде қабылдануы, Ұлт­тық кәсіпкерлер палатасының құрылуы аралық соттарды, мүліктік дауларды сотқа дейін реттеу институтын одан әрі дамытуға мүмкіндік береді. Осы орай­да, тұтынушылардың құқықтарын, зияткерлік меншікті, еңбек және құқықтық даулардың басқа да санаттарын қорғау туралы дауларды шешу саласында баламалы перспективалар бар екенін көпшілік біле жүрсе деп ойлаймын», - деді Қ. Мәми.

Оның айтуынша, «Еліміздегі барлық соттарда электронды сот ісін жүргізу жүйесі енгізіл­ген. Сонымен қатар, Жоғарғы Сот­тың ғаламтор ресурсын жаңарту, жергі­лікті соттардың Интернет-ресурстарын жетілдіру жұмыс­тары тиянақты жүргізіліп келеді. Сот өндірі­сіне қатысушылардың істің қозғалысы туралы жедел ақпарат алуына, шығарылған сот актілерімен танысуына барлық мүмкіндіктер жасалған».

Қазіргі таңда Жоғарғы Сотта өтетін сот про­цестерінде бейне-байланыс кеңінен қолданылуда. Облыстық соттардың қатысуымен жалпы отырыс­тар, кеңестер және судьяларды қашықтықтан оқыту жүйесі өз ретімен жүргізіліп келеді.

Сот жүйесінің қызмет ету сапасы ең алдымен білікті де тәжірибелі судьялар корпусын кадрлық қамтамасыз етуге тікелей байланысты болмақ. Жалпы, құқық мамандары арасында «Судья – заңгерлердің ең таңдаулысы» деген тәмсіл сөз бар. Бұл сөз олардың жанкешті еңбегіне, кәсіби біліктілігіне, шеберлік деңгейлеріне берілген баға болар. Аудандық соттардың судьялары еліміздегі сот істерінің тоқсан сегіз пайызын атқарады. Яғни, бұл – бейнеті көп қиын істерді қарауда, сондай-ақ салмағы басым жүктемелерге мойымай қызмет көрсетудің ең төзімді үлгісі.

«Судьялардың әлеуметтік мәртебесіне сай, еш алаңсыз қызмет етуіне қолайлы жағдай жасау, лайықты баспанамен қамтамасыз ету әр жылдары өз шешімін тыңғылықты түрде табуда. Мемлекет басшысы судьялардың әл-ауқатын үнемі жақсартып отыруды өзінің назарынан ешқашан тыс қалдырған емес. Сол үшін де судьялар қауымының ел Президентіне деген құрметі мен алғысы шексіз.

Нұрсұлтан Әбішұлы Судьялардың VI съезіндегі сөзінде: «Судьялардың V съезінен бері өткен төрт жылда Қазақстанның сот жүйесі «Соттардың тәуелсіздігі» өлшемі жөнінен Бәсекеге қабілеттіліктің жаһандық рейтингісіндегі өз көрсеткішін бірден 23 орынға күрт жақсартты», деп атап өткен еді. Заңдардың сақталуы, азаматтық сот төрелігі, қыл­мыстық сот төрелігі және басқа да кө­р­сет­кіштер бойынша да Қазақстан пост­кеңестік кеңістіктегі мемлекеттерден алда келеді. Мәселен, мұны World Justice Project халықаралық үкіметтік емес ұйымы ұсынған 2014 жылғы Заңның үстемдік құру индексінен көруге болады. Бұл рейтингіде Қазақстан 71-ші орынды иеленген», - делінген хабарламада.


Back to the list