17.06.2014
«ҚР Статистика агенттігінің мәліметінше, соңғы 10 жылда 2006-2009 жылдардағы толқуларға қарамастан Қазақстандағы инновациялық өнім өндірісі көлемі 74,7-ден 578,3 млрд теңгеге дейін артты. Тиісінше, елдің ЖІӨ-дегі инновациялық өнім үлесі 1,27%-дан 1,8%-ға көбейді. Сонымен қатар соңғы он жылдағы статистика еліміздегі ғылыми-техникалық жұмыстарды қаржыландыру деңгейінің артқанын көрсетеді», - дейді Б.Тәліпов.
Сарапшы Статистика агенттігінің 2004-2013 жылдар аралығындағы мәліметтер – ғылыми-техникалық жұмыстардың жалпы шығынын есептеп берді, оның айтуынша, бұл көрсеткіш 13 863,3 млн теңгеден 61 672,7 млн теңгеге дейін артқан.
Сонымен қатар, осы жылдар аралығындағы ғылыми-техникалық жұмыстардың жалпы шығынындағы фундаменталды зерттеулерді қаржыландыру мен нақты ғылыми-техникалық жұмыстарды төмендету көбеюде.
«Инноваторларға басты көмектердің бірі бірлесе қаржыландыру түріндегі мемлекеттік қолдау мен лизинг болып табылады. Сонымен қатар, банктік қарыздар бойынша кепілдендірілген міндеттемелер мен көмек көрсетулер де айтарлықтай жеңілдік бермек», - дейді сарапшы.
Оның айтуынша, мемлекет тарапынан ірі кәсіпкерліктер үшін мемлекеттік қолдаулар барынша қолжетімді етілген.
«Экономикасы барынша ғылымиланған мемлекеттердің тәжірибесінен біз отандық ҰИЖ дамуының мемлекеттік-жеке меншік әріптестіктің институционалды формасы базасына әсер ететінін көріп отырмыз. Қазақстанда бұл заңмен бекітілген тәртіппен жеке кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің қатысуымен заңды тұлғалар қызметі аясындағы «Концессиялар туралы» Заңның арқасында мүмкін болмақ», - дейді Б.Тәліпов.
Мемлекеттік-жеке меншік әріптестіктің кәсіпкерлік үшін бір артықшылығы ретінде нарықтық өткізудің үлкен әлеуетіне ие өнім шығару есебінен қатерді жоюдағы салынған ресурстың кепілдендірілген кірісі деңгейін алу мүмкіндігі, сонымен қатар инновациялық жобалардың қатерлі кезеңінде барынша молынан қаржыландыруға мемлекеттің қатысуы және инновациялық жобаларда тәуелсіз сараптама жүргізу болып табылады.