• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Астана жұлдызды сәтіне жетті  - В.Косарев 16.06.2014

«Астана 16 жаста,  ол өзінің кәмелеттік жасында жұлдызды сәтіне жетті. Бүгінде оны әлемдік кауымдастық мойындап отыр», - деді сөз басында депутат.

Сонымен қатар,  В. Косарев  Астанада Қазақстанның ірі мегаполисі ретінде қалыптасуы барысында өткен ірі халықаралық шараларды  тілге тиек етті. 

«Ол ЕКЫҰ Самиттінің өткізу орталығы болды. Мұнда халықаралық діни конфессиялардың отырысы, экономистердің кездесуі және халықаралық экономикалық форумдар өтті», -  деп ол өз ойын толықтырды.

Бұдан басқа,  халық қалаулысы, Астана - ол әр қазақстандық мақтана алатын шаһар, деп ағынан жарылды.

«Астана қонақтарды қарсы алады, ал біз, яғни астаналықтар онымен мақтанамыз. Біз ол үшін еш ұялмаймыз. Жан-жақты абаттандырылған, әдемі, сәулеті жарасқан қала. Ол біздің халқымыздың кеңпейілділігінің, қонақжайлылығының, бейбітшілікті сүйетіндігінің жарқын үлгісі», - деп депутат түйіндеді.

Индира Кауметова 


Back to the list