16.06.2014
Естеріңізге сала кетейік, ҚР Президенті «Қазақстан жолы - 2050:
Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты халыққа Жолдауында Қазақстан Еуропа мен Азияның тоғысқан жерінде орналасқан деп атап өткен болатын.
Айта кетерлік жайт, Қазақстан жер көлемі бойынша Ресей, Канада, Қытай, АҚШ, Бразилия, Австралия, Үндістан мен Аргентинадан кейін 9 орында. Мемлекеттің жер көлемі 2724,9 мың шаршы шақырым немесе жер шарының 2%.
Ал, құрғақ жер бойынша шекараның ұзындығы 13394 шақырымды құраса, оның жартысы немесе 7591 шақырымы Ресей Федерациясымен түйіскен.