06.06.2014
Шараға облыс басшылығы мен депутаттары, қоғамдық-саяси ұйым, этно-мәдени орталық, үкіметтік емес және жастар ұйымының өкілдері, ардагерлер мен БАҚ өкілдерінен тұратын бас-аяғы 5 мыңдай адам қатысты, деп хабарлайды Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері алаңындағы мерекелік форумның ашылуында Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Б.Оспанов, облыстық ардагерлер кеңесінің мүшесі тыл ардагері Шерім Медеуов пен өзге де өңірдің құрметті азаматтары сөз сөйледі.
Сонымен қатар, патриоттық мазмұндағы мерекелік концерт ұйымдастырылды.