• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Туған елдің тарихын оқу – жастардың Отанға деген махаббатын оятады – С.Боқаев (ФОТО) 06.06.2014

«Патриотизм сезімін қазіргі өскелең ұрпаққа мәжбүрлеп сіңіре алмаймыз. Отансүйгіштікке баулу үшін жастардың өздері қызығатындай жол таңдау керек. Жастарды залға жинап алып Отанды құрметтеу туралы сағаттап лекция оқығаннан түк те пайда жоқ. Біздің мақсатымыз – өскелең ұрпақты ұлттық құндылықтарға, әдет-ғұрыпқа, мемлекеттік рәміздерге,  Қазақстан халқы мәдениетіне деген сүйіспеншіліктерін ояту», - дейді С.Боқаев.

Алматы қаласындағы негізгі мерекелік шаралар «Астана» алаңында өтті. Мереке ҚР Мемлекеттік сыйлық иегері Талғат Күзембаев пен еркін хордың орындауындағы Әнұранмн ашылды.  

Кейін Қазақ-Британ техникалық университеті ғимараты алдындағы сахнада мерекелік концерт ұйымдастырылды. Оған қазақ эстрада жұлдыздары Ерболат Құдайбергенов, Айқын Төлепберген, FM, Mysterions, «Арнау», «Орда» топтары мен өзге де өнерпаздар қатысты. Шарада орындалған барлық ән патриотизм мазмұнында болды.

ҚР Мемлекеттік рәміздері күніне арналған осынау шара мегаполистің барлық ауданында өтті. 


Back to the list