05.06.2014
Дәл осы күні кеншілер шаһарының ең көрікті жерінде биіктігі 91-метрлік тутұғыр орнатылды, деп облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақ басшысы Бауыржан Әбдішев жиналған жұртшылықты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтады.
«Мемлекеттік рәміздер – елдің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін Тәуелсіздіктің мызғымас негізі. Рәміздердің болмысы мен бітімінде Елбасымыздың жүргізіп отырған саясатының құндылықтары тұнып тұр. Бұл – Тәуелсіздік, бейбітшілік, еркіндік және келісім. Еліміздің мемлекеттік рәміздері біздің өткен тарихымыздың бейнесін айғақтайды»,- деді облыс әкімі.