05.06.2014
«Елтаңба, ту және әнұран әрбір қазақстандық өмірінің ажырамас бөлігіне айналды, мемлекетіміздің айнымас негіздері болып табылатын мемлекеттік рәміздерді құрметтеу дәстүрі қалыптасты», - деді М.Таласов.
Мемлекеттік рәміздер күнін мерекелеу шеңберінде Қарулы Күштеріміздің барлық әскери бөлімдері мен құрамаларында салтанатты митингтер, тақырыптық сабақтар, патриоттық акциялар өтті.
«Қазақстан армиясының әскери қызметшілері мемлекеттік рәміздерге деген көзқарасы ерекше. Олармен әскери борышты адал атқару, Отанға қалтқысыз қызмет ету, тәуелсіздігіміз бен ұлттық мүдделерімізді қорғау сынды абыройлы міндеттер астасып жатыр»,- деді ол.